Компания
бейіні

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды, Қазақстан Республикасының Ұлттық электр торабын басқарушы компания болып табылады және Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы дәрежесі берілген. «KEGOC» АҚ 1997 жылғы 11 шілдеде бастапқы мемлекеттік тіркеуден өтті.

2006 жылға дейін «KEGOC» АҚ-ның 100% акциялары мемлекеттің меншігінде болды. 2006 жылы мемлекеттік акциялар пакеті (100%) «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге табыс етілді. 2008 жылы «Қазына» Тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамын біріктіру жолымен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамының құқығын иеленуші болып табылатын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы («Самұрық-Қазына» АҚ немесе Қор) құрылды.

2014 жылғы 18 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және бағынысты ұйымдарының акциялар пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын іске асыру шеңберінде Компанияның 25 999 999 дана жарияланған жай акциялары жазылым жүргізу жолымен Қазақстан қор биржасында орналастырылды.

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу;
  • электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру;
  • электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің түрлері табиғи монополиялар саласына жатады, соған байланысты «KEGOC» АҚ қызметі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Миссия және пайымы

Миссия

Қазақстан БЭЖ-дің қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау стандарттарына сәйкес сенімді жұмыс істеуі және тиімді дамуы.

Пайымы

Біз – ең үздік әлемдік компаниялар деңгейіндегі сенімділік пен тиімділік көрсеткіштері бар озық Компаниямыз.

Біз озық технологияларды қолдана отырып, Ұлттық электр торабын дамыту арқылы барлық мүдделі тараптар үшін құндылықтарды үнемі арттырып отыруды, транзиттік және экспорттық әлеуетті арттыру үшін жағдай жасауды, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды көздейміз.

Бизнес-модель

Үлкейту

Құндылықтар

  • Шынайылық пен әділдік
  • Уақыт талабы мен тұрақты даму
  • Ауызбіршілік пен жауапкершілік
  • Құрмет, дәстүр мен біліктілік

Біздің қызметіміз

  • Электр энергиясын жеткізу 46,16 млрд кВт·сағ
  • Желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру 98,99 млрд кВт·сағ
  • Өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру 192,86 млрд кВт·сағ
  • Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру

Біздің нәтижеміз

  • Таза пайда 53,4 млрд теңге
  • 1 акцияға дивидендтер төленді 2019 жылға 48,86 теңге / 2020 ж. 1-жартыжылдықта 77,09 теңге
  • 31.12.2020 ж. жай-күй бойынша акция құны 1 687,81 теңге
  • Сенімділік көрсеткіштері WWP 98,63% / SML 5,21 мин
  • Әлеуметтік тұрақтылық рейтині 91%
  • Өндірістегі жазатайым оқиғалар 0

Өндірістегі жазатайым оқиғалар

  • Трансформаторларының белгіленген қуаты 38 746,05 МВА болатын 81 ҚС
  • Т9 ЖЭТ және ЖО ҰДО филиалдары
  • Қазіргі заманғы технологиялар
  • 26 997,923 км ӘЖ
  • 4 731 адам

Қуат

«KEGOC» АҚ ҚС қуаты мен саны 31.12.2020 ж. жай-күй бойынша, МВА

«KEGOC» АҚ ҚС қуаты мен саны 31.12.2020 ж. жай-күй бойынша, МВА

2020 жылдың соңында габариті 0,4-1 150 кВ, жалпы ұзындығы 26 997,923 км (тізбектер бойынша) болатын 377 әуелік электр жеткізу желісі (ӘЖ) және трансформаторларының белгіленген қуаты 38 746,05 МВА болатын кернеуі 35-1 150 кВ-ты құраған 81 қосалқы электр станциясы (ҚС) бар Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) Компанияның негізгі активі болып табылады. Олар электр энергиясының трансшекаралық ағындарын қамтамасыз ету, электр станцияларынан электр энергиясын жеткізу және өңірлік электр энергетикалық компаниялар мен ірі тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.

«KEGOC» АҚ ӘЖ ұзындығы 31.12.2020 ж. жай-күй бойынша, км

«KEGOC» АҚ ӘЖ ұзындығы 31.12.2020 ж. жай-күй бойынша, км

Компания құрылымы

«KEGOC» АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасының аймағында жүзеге асырады. Компания құрылымына 9 «Электр жеткізу тораптары» (ЖЭТ) филиалы және «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» (ЖО ҰДО) филиалы кіреді.

«KEGOC» АҚ «Энергоинформ» АҚ мен «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның («ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС) бас компаниясы болып табылады.

«Энергоинформ» АҚ ҰЭТ жабдықтарына қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және Компания жұмысына телекоммуникациялық қызмет көрсетеді.

«ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС 2013 жылы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторына инвестицияларды ынталандыру және барлық ЖЭК (өздері үшін аталған қолдау схемасы таңдап алынды) объектілерінен тіркелген тарифтер бойынша электр энергиясын орталықтан сатып алуды мемлекет тарапынан кепілдендіру арқылы Қазақстанның энергия балансында ЖЭК-ті пайдалану үлесін арттыру мақсатында құрылды.

Сонымен қатар, «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 357 бұйрығымен электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметтерді орталықтан сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөнінде орталықтан қызмет көрсетуді жүзеге асыратын бірыңғай сатып алушы ретінде белгіленді.

Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық электр жеткізу желісін салу» жобасын іске асыру үшін 2005 жылы құрылған «Батыс транзит» АҚ-ның акционері (акцияларының 20%-ы) болып табылады.

Қызмет географиясы

Үлкейту

© 2021 «Электр желілерін басқару
жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ

Жылдық есепте
берілген ақпаратты қолданған кездеоған
сілтеме жасау міндетті.

Барлық құқығы қорғалған.

Қазақстан Республикасы, Z00T2D0
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғ.,
59-ғимарат

Тел.: +7 (7172) 69 38 24, 69 02 43
Факс +7 (7172) 21 11 08
E-mail kegoc@kegoc.kz
www.kegoc.kz