Компанияда Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері мен ЕҰ-ға тараған Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі қызмет атқарады. Жүйенің мақсаты нәтижелілікті қамтамасыз ету және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы көрсеткіштерді жақсарту, сонымен қатар Компания қызметінің ерекшелігіне байланысты тиісті тәуекелдерді басқару болып табылады.
Жыл сайын қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы бағдарлама жасалып отырады, онда қажетті шаралар, шығындар және оларды іске асыру мерзімдері белгіленеді. Компания ISO 45001:2018 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатынан өтіп, сәтті енгізді.
«KEGOC» АҚ мен филиалдарында еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсарту бойынша қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында байланыс орнату үшін жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең негізде қатысуымен жұмыс орындарында қауіпсіз жұмыс жүргізу мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс беруші мен қызметкерлердің күшін біріктіру мақсатында қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды.
Өндірістік кеңес тоқсанына кем дегенде бір рет қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту бойынша қызметкерлердің ұсыныстарын қарайды және жұмыс беруші мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылатын шаралар көзделген.
Жыл сайын жұмыс орындарында орын алатын тәуекелдерді сәйкестендіріп, бағалап отырады, бағалау нәтижелері бойынша тәуекелдер тізілімі, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы маңызды тәуекелдер тізбесі жасалады, тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.
2020 жылы зардап шеккендерге дефибрилляторларды қолдану арқылы жедел көмек көрсету бойынша қосымша оқулар, жаңа ISO 45001:2018 халықаралық стандартын оқу және көлік құралдарының жүргізушілері үшін көлікті қиын жағдайда қауіпсіз жүргізуге оқыту курстары өткізілді.
Ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге міндетті ауысым алдындағы медициналық тексеру, жүргізушілерге рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеру жүргізіліп отырады.
Компания филиалдарында Денсаулық күні өткізілді, бұл іс-шара аясында медициналық қызметкерлер Компания қызметкрелеріне консультация жүргізді.
2020 жылы Компания қызметкерлерінен кәсіби аурулар анықталған жоқ.
«KEGOC» АҚ-да қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру деңгейін бағалау үшін Lost Time Injury Frequency Rate (LTIFR) коэффициенті немесе уақытша еңбекке жарамсыздықпен жарақат алу, соның ішінде еңбек қызметіне байланысты өлім жағдайлары жиілігінің коэффициенті қолданылады. Әлемдік тәжірибеде LTIFR бұл еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы компаниялардың жұмыс істеу тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Көрсеткіш компаниядағы жиынтық атқарылған жұмыс уақытына (Work Hours, WH) жатқызылған және 1 млн адам/сағ. нормаланған жұмыс уақытының (LTI) ысыраптары жағдайларының санын көрсетеді. Компанияның қатардағы қызметкерлерінен бастап, топ-менеджерлеріне дейін еңбек қауіпсіздігі қағидаттарын ұстануы, қауіпсіз еңбек жағдайын жақсарту жөнінде іс-шаралар өткізу бойынша бірлескен іс-қимыл арқасында соңғы бірнеше жылда Компания алғаш рет жарақат алудың «нөлдік» деңгейіне қол жеткізді және LTIFR мәні 2020 жылы «0» құрады (2019 жылы – 0).
Компания қызметкерлерінің 2020 жылы еңбек қызметіне байланысты өлімге әкелетін және жарақаттану жағдайлары.
Еңбек қауіпсіздігінің көрсеткіштері
Компанияда бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету жүйесі енгізілді, оның аясында ҚҮҚ жоспарларын әзірлеуді талап ететін бизнес-процестер/қосалқы процестер анықталады. 2020 жылы ҚҮҚ жоспарлары әзірленген және сынақтан өткен, атап айтқанда техникалық диспетчерлендіру бойынша жүйелік оператордың қызметтерін ұсыну үшін, еңбекті қорғау мен жабдықтың жұмыс істеу сенімділігі саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ақпараттық-телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну мен қолдау үшін, ТЖ болған жағдайда «KEGOC» АҚ қызметін жүзеге асыру және ақпараттық қауіпсіздік оқиғасын басқару үшін Компанияның күрделі бизнес-процестерін/қосалқы процестерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.
Өндірістік қызметтің бизнес-процестері үшін ҚҮҚ жоспарлары ретінде аварияларды жою жоспары, ірі көлемді ТЖ жою үшін АД мен оның филиалдарына тән ТЖ жою бойынша іс-қимылдар жоспары, қалған қызмет бағыттары үшін әрбір күрделі бизнес-процесс бойынша ҚҮҚ жоспарлары қабылданады.
ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарында жұмыстың мерзімі мен уақытын көрсетіле отырып, ТЖ туындау қаупі мен салдарын жою кезінде өткізілетін іс-шаралар көрсетіледі. Компания объектілерінде ТЖ-ның ең көп таралған түрі бұл өртке қарсы іс-шаралардың сақталмауы, штаттан тыс жағдайлардың туындауы болуы мүмкін. Сонымен қатар ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарына адамдар үшін өлім қаупін тудыратын, айтарлықтай мүліктік залал келтіретін немесе басқа да ауыр салдарға әкелетін террористік актілер қаупі туындаған кездегі іс-шаралар кіреді. Компания қызметкерлерін ТЖ және оны жою кезінде уақтылы хабардар ету үшін ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының бөлігі болып табылатын Байланыс және ескерту жоспарлары, Өрт сөндіру жоспары күшіне енеді.
© 2021 «Электр желілерін басқару
жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ
Жылдық есепте
берілген ақпаратты қолданған кездеоған
сілтеме жасау міндетті.
Барлық құқығы қорғалған.
Қазақстан Республикасы, Z00T2D0
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғ.,
59-ғимарат
Тел.: +7 (7172) 69 38 24, 69 02 43
Факс +7 (7172) 21 11 08
E-mail kegoc@kegoc.kz
www.kegoc.kz