Компанияның Кадр саясаты (бұдан әрі – Кадр саясаты) жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және меритократияға бағытталған тиімді корпоративтік мәдениет арқылы «KEGOC» АҚ Даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін зияткерлік және кәсіби ресурс ретінде кадрлық әлеуетті қалыптастыруға бағытталған.
2020 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Компания қызметкерлерінің (ЕҰ есепке алғанда) тізім бойынша саны 4 731 адамды құрады.
Қызметкерлердің жасы бойынша құрылымы, жас
Компанияның кадр саясаты қағидаттарының бірі құзыреттілік моделі мен лауазымға қойылатын талаптарға негізделген іріктеудің айқын және ашық өлшемдері, конкурстық рәсімдердің сақталуы, қабылданатын шешімдердің негізділігі, персоналды жалдаған кезде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін әрбір лауазым үшін релевантты кандидаттарды бағалау әдістемесін қолдану, қысымшылықтың болмауы, барлық кандидаттарға кәсіби, ашық және құрметпен қарау арқылы меритократия қағидаттары негізінде ашықтық пен айқындық болып табылады. Бос лауазымға орналасу кезінде ішкі кандидаттар сабақтастық бағдарламаларын іске асыру, дарындарды басқару және кадрлық резерв негізінде басымдыққа ие.
«KEGOC» АҚ барлық үміткерлерге олардың ұлттық және нәсілдік тегіне, жынысына, жасына, отбасылық және әлеуметтік жағдайына немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан тең мүмкіндіктер ұсынады.
Персоналдың тұрақтамауы, %
«KEGOC» АҚ персоналды оқыту мен дамыту процесіне үлкен мән береді және мына қағидаттарды басшылыққа алады:
Персоналды оқыту қазіргі заманғы оқыту әдістерінің бүкіл спектрін – бизнес-практикумдар, семинарлар, тренингтер, тағылымдамалар, біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау мен қайта даярлау бағдарламалары, форумдар, конференциялар түрлерін қолданумен өткізіледі. Есептік жылы 2076 қызметкер оқыды, бұл қызметкерлердің тізімдік санынан 43,9%-ды құрайды. «КЕGOC» АҚ-ның 2020 жылы оқуға жұмсаған нақты шығындары 156,9 млн теңгені немесе жоспардың 47,0%-ын құрады, бұл 2019 жылы орындалғаннан 38,9%-ға төмен.
Оқытудың орташа жылдық саны 1 қызметкерге 23,1 сағатты құрады, соның ішінде ӘБП қызметкерлері үшін – 24,1 сағат, ӨП қызметкерлері үшін – 23,0 сағат.
Бір ер қызметкерге оқыту сағаттарының орташа саны – 22,9 сағат, әйел қызметкер үшін – 26,3 сағат.
Жалпы оқыту сағаттарының саны 90 122 сағатты құрады, соның ішінде ер қызметкерлер үшін – 82 477 сағат, әйел қызметкерлер үшін – 7 645 сағат; ӘБП – 9 823 сағат, ӨП – 80 299 сағат.
«KEGOC» АҚ үшін карантин кезеңінде жүргізілген корпоративтік волонтерлік қозғалыс өте маңызды шара болды.
Елде Төтенше жағдай жарияланған кезеңде барлық бөлімшелерде #KEGOCБіргеміз бірыңғай ұранымен волонтерлік науқан басталып, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету бойынша, соның ішінде «KEGOC» АҚ Жастар істері жөніндегі кеңестің 2020–2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізілді. Компания қызметкерлері үнемі азық-түлік себеттерін, дәрі-дәрмектерді жеткізу немесе қаржылай қолдау түрінде көмек көрсетті.
Акцияға барлығы 319 зейнеткер мен аймақтардағы 58 аз қамтылған және толық емес отбасылар қамтылды. Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Гауһар» және «Almaty-2» балабақшаларының аумағын қардан тазартты. Сонымен қатар «Энерготехкәсіподақ» ҚБ-ның қолдауымен Компания «KEGOC» АҚ 59 ардагеріне және оларға теңестірілген адамдарға 5 миллион теңгеден астам сомаға материалдық көмек аударды. Сонымен қатар, Жеңіс күні қарсаңында Жастар ісі жөніндегі кеңестің қатысуымен құттықтаулар және ардагерлерге азық-түлік себеттерін жеткізу шаралары ұйымдастырылды, ал жекелеген өтініштер бойынша үй шаруашылығына көмек көрсетілді: кішігірім жөндеу жұмыстары жүргізілді, қозғалуға қажетті көмекші құралдарды және т.б. сатып алуға көмектесті.
Биылғы жылы өткізілген басқа да акциялар мен іс-шараларды, сонымен қатар аймақтар мен Компания ішіндегі мұқтаж жандарға көмек пен қолдау көрсетуге қатысты акциялар мен іс-шараларды атап өту қажет. Олардың ішінде:
2020 жылы «Энерготехкәсіподақ» ҚБ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс тобының мүшесі ретінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Бас келісім жобаларын әзірлеуге белсенді түрде қатысты.
2021 жылы біздің кәсіподақ салалық комиссияның мүшесі ретінде 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімді әзірлеуге қатысады, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен «Кәсіподақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобында бірлесе үлкен жұмыс атқаратын болады.
© 2021 «Электр желілерін басқару
жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ
Жылдық есепте
берілген ақпаратты қолданған кездеоған
сілтеме жасау міндетті.
Барлық құқығы қорғалған.
Қазақстан Республикасы, Z00T2D0
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғ.,
59-ғимарат
Тел.: +7 (7172) 69 38 24, 69 02 43
Факс +7 (7172) 21 11 08
E-mail kegoc@kegoc.kz
www.kegoc.kz