(2020 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша)
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
1970 жылы дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен 2018 жыл-ғы 2 қарашада (№ 10 хаттама) тағайындалды.
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, механик, қолданбалы математик (1987–1992 жж.); Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (РФ Президенті жанындағы РХШ және МҚА), Москва қаласы, Экономика магистрі (2011–2013 жж.); Назарбаев Университеті, Жоғары бизнес мектебі (Duke University’s Fuqua School of Business бірлескен бағдарлама), Астана қ., «Іскери әкімшілік ету» магистрі (2013–2015 жж.); Стэнфорд Университеті, Жоғары бизнес мектебі, Stanford Executive Program (SEP) (2016 ж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:
Басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомпром» АҚ, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы (ҚЭҚ) Директорлар кеңесінің мүшесі.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы
1964 жылы дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
2011 жылғы 31 мамырда (№ 24/11 хаттама), 2012 жылғы 8 мамырда (№ 21/12 хаттама) «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімдерімен; 2015 жылғы 30 сәуірде (№1 хаттама), 2018 жылғы 27 сәуірде (№ 8 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдерімен тағайындалды.
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: Алматы энергетикалық институты – мамандығы «Электр тораптары мен жүйелері», инженер-электрик (1986 ж.); Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті – экономика бакалавры (2007 ж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:
Басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы: Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы (ҚЭҚ) Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: DBA бағдарламасы бойынша докторант, 6D052000 »Іскери әкімшілік ету» мамандығы («Алматы Менеджмент Университет» БМ).
Тиесов Сүйншлік Әмірхамзаұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
1946 жылы дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
2016 жылғы 28 қазанда (№ 5 хаттама) және 2018 жылғы 27 сәуірде (№ 8 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен тағайындалды.
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: Алматы қ., В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, «Инженер-электрик» мамандығы бойынша (1968 жыл), Карол Мартин Гаттон Бизнес және экономика колледжінің Бизнес және менеджмент орталығы, Кентукки университеті, АҚШ (1996 ж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:
«Становление рынка электрической энергии в Казахстане» монографиясының авторы. ҰЭТ-ты қалыптастыруға, бірегей ЭЖЖ мен 1150-500 кВ қосалқы станцияларды және электр энергиясының ірі өндірушілері – АҚсу МАЭС, Екібастұз МАЭС ендіруге қатысушы. Теңіз мұнай-газ кен орнын электрмен сырттан жабдықтау схемасын; ҰЭТ-ты жаңғырту бағдарламасын іске асыруды; Қазақстандағы электр энергиясы мен қуаты нарығының жобасын, 1995 жылғы алғашқы Электр энергетикасы туралы заңды; Қазақстанның электр энергиясы нарығының жұмысына қатысты барлық нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу мен ендіруге қатысушы.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:техникалық ғылымдардың кандидаты.
Егімбаева Жанна Дачерқызы
Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
1953 жылы дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматшасы.
2016 жылғы 28 қазанда (№ 5 хаттама) және 2018 жылғы 27 сәуірде (№ 8 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдерімен тағайындалды.
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті «Заңгер» мамандығы бойынша.
Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:
Басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы: «СК Қазақстан инжиниринг» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Доминик Фаш
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
1949 жылы дүниеге келген.
Франция азаматы.
2015 жылғы 30 сәуірде (№ 1 хаттама) және 2018 жылғы 27 сәуірде (№ 8 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдерімен тағайындалды.
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: Сорбонна университеті, Франция (1972 ж.), инженер дипломы, М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті, Ресей. CNRS Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы, Париж, Франция, Электр және механика жоғары мектебімен бірлескен Сорбонна университеті.
Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі және басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы:
SophiaAntipolis технопаркі шеңберіндегі бірқатар ғылыми және инновациялық іс-шаралардың, конференциялар мен фестивальдердің негізін қалаушы, Еуропалық энергетикалық форумды өткізетін ClubdeNice ұйымының негізін қалаушы.
Бекенов Жанбота темірғалиұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
1957 дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
2020 жылғы 27 сәуірде «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№ 16 хаттама) тағайындалды.
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: Алма-Ата халық шаруашылығы институты, қаржы және кредит факультеті (1982–1985 жж.), әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, механика және қолданбалы математика факультеті (1985 ж.)
Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:
Басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы:
Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
1965 жылы дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
2020 жылғы 26 маусымда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№ 18 хаттама) тағайындалды.
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: Шәкәрім атындағы Семей университеті, бухгалтер экономист, есепке алу және аудит (1991 ж.), MBA, Іскери әкімшілік магистрі, геофизик (1995 ж.), Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (2015 ж.)
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі және басқа ұйымдардың басқару органдарына қатысуы:
«АНК» Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының Басқарушы кеңесінің, «KAZENERGY» Қауымдастығының Сараптамалық кеңесінің мүшесі.
Сертификатталған тәуелсіз директор (Cert IoD) Institute of Directors, UK.
Директорлар кеңесінің 2020 жылғы отырыстарында қаралған мәселелер
(2020 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша)
Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы
1964 жылы дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
Саладағы жұмыс өтілі 35 жыл.
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: Алматы энергетикалық институты, «Электр желілері мен жүйелері» мамандығы бойынша (1986 ж.), Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Экономика» мамандығы бойынша (2007 ж.), «Алматы Менеджмент Университеті» БМ «Іскери әкімшілік ету» мамандығы бойынша іскери әкімшілік ету докторы (2018 ж.).
Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі: 2011 жылғы 31 мамырдан бастап «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.
Жазықбаев Бақытхан Медеғалиұлы
Өндіріс жөніндегі басқарушы директор, 2017 жылғы ақпаннан бастап Басқарма мүшесі
1968 жылы дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
Саладағы жұмыс өтілі – 20 жыл.
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша (1994 жыл), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Электр энергетикалық жүйелер мен желілер» мамандығы бойынша (2005 жыл).
Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:
Функции в АО «KEGOC»: Өндірістік активтерді пайдалану, жөндеу, қызмет көрсету бойынша қызметті жоспарлау; активтерге қызмет көрсету нормативтерін қоса алғанда, активтерді басқару бойынша саясатты және рәсімдерді әзірлеу; ЖЭТ филиалдарының орта мерзімді даму бағдарламасын әзірлеу және іске асыру; ЖЭТ филиалдарының сенімді және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету; релелік қорғау және қосалқы станцияларды автоматтандыру құралдарын пайдалану және жаңғырту, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету.
Сафуани Төлеген Есенқұлұлы
Құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, 2017 жылғы маусымнан бастап Басқарма мүшесі
1979 жылы дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
Саладағы жұмыс өтілі – 16 жыл..
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: Қазақ мемлекеттік Заң академиясы «Құқықтану» (2000 жыл) мамандығы бойынша, Қазақ технология және бизнес университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, экономика ғылымдарының магистрі (2013 жыл), «Алматы Менеджмент Университет» БМ, Іскери әкімшілік ету магистрі (2018 жыл).
Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:
«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің және «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: Құқықтық мәселелер, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, корпоративтік басқару, қызметтің үздіксіздігі мен БМЖ жүйелерін ендіру және жетілдіру; экономикалық, техникалық және ақпараттық қауіпсіздік, терроризмге қарсы іс-қимыл шаралары; кінәраттық-талап ету жұмысы; корпоративтік басқару рейтингін алу және сақтап тұру.
Ботабеков Айбек Төлеубекұлы
Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор, 2009 жылғы қазаннан бастап Басқарма мүшесі
1976 жылы дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
Саладағы жұмыс өтілі 23 жыл.
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша (1997 жыл), «Назарбаев университеті» (2016 жыл), іскери әкімшілік ету магистрі.
Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:
«ЖЭК жөніндегі ҚЕО» Бақылау кеңесінің төрағасы және «Батыс транзит» АҚ қауымдастырылған ұйымы Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: Қаржы-экономикалық мәселелер, баға белгілеу, «KEGOC» АҚ бағалы қағаздарының KASE ресми тізімінде болу процесіне басшылық ету және үйлестіру; «KEGOC» АҚ миноритарлық акционерлерімен және бағалы қағаздардың басқа да ұстаушыларымен өзара іс-қимыл; «KEGOC» АҚ аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін дайындау, қаржы институттарымен, аудиторлық компаниялармен ынтымақтастық, басқарушылық есептеме жүйесі.
Нұрмағанбетов Жандос Демесінұлы
Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директор, 2020 жылғы қаңтардан бастап Басқарма мүшесі
1981 жылы туған.
Қазақстан Республикасының азаматы.
Өндірістегі жұмыс өтілі – 18 жыл.
«KEGOC» АҚ және оның еншілес және бағынысты ұйымдарының акцияларына иелік етпейді.
Білімі: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша (2002), Халықаралық бизнес университеті «Менеджмент» мамандығы бойынша (2004), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша (2011), КИМЭП, Басқарушы кадрларға арналған іскери әкімшілік МВА дәрежесі (2013).
Соңғы бес жылдағы жұмыс өтілі:
«ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-ның Бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады.
Функции в АО «KEGOC»: «KEGOC» АҚ Даму стратегиясын әзірлеу, жаңарту және іске асырылуын қамтамасыз ету; «KEGOC» АҚ техникалық саясатын басқару; ҰЭТ-ты дамыту, ҰЭТ дамыту жобалары бойынша жоспарлар мен жобалар, техникалық-экономикалық зерттеулер, техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу; 7 жылдық перспективаға арналған Қазақстан БЭЖ электр қуаты мен электр энергиясының болжамды теңгерімдерін әзірлеу; энергетика саласындағы интеграциялық бірлестіктермен және ұйымдармен ынтымақтастық; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар; ҰЭТ-тағы электр энергиясының технологиялық шығысын (ысыраптарын) мониторингтеу, талдау және нормалау; ЖЭК-ті пайдалануды дамыту саласындағы қызметті үйлестіру; Жүйелік оператормен Қазақстан БЭЖ-ге технологиялық қосылу мәселелерін, электр станцияларынан қуат беру схемаларын, тұтынушыларды сырттан электрмен жабдықтау схемаларын келісу, желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды келісу мен беру бойынша жұмыстарды үйлестіру.
«KEGOC» АҚ Басқармасы қараған мәселелер құрылымы
© 2021 «Электр желілерін басқару
жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ
Жылдық есепте
берілген ақпаратты қолданған кездеоған
сілтеме жасау міндетті.
Барлық құқығы қорғалған.
Қазақстан Республикасы, Z00T2D0
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғ.,
59-ғимарат
Тел.: +7 (7172) 69 38 24, 69 02 43
Факс +7 (7172) 21 11 08
E-mail kegoc@kegoc.kz
www.kegoc.kz