Даму
стратегиясы

«KEGOC» АҚ қызметінің Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар және кең ауқымдағы мүдделі тараптардың мүдделерін қамтиды, Компания оны ұзақ мерзімді стратегиясын құрған және шешімдер қабылдаған кезде есепке алады. Біздің басты назарымызда – қоғам мүдделеріне ықыласпен қарау және Қазақстан ҰЭТ-тың озық дамуын қамтамасыз ету, адамдардың әл-ауқатын және лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету, экологияға деген қамқорлық. Бұл «KEGOC» АҚ Даму стратегиясында көрсетілген.

Мемлекет «KEGOC» АҚ-ға оның басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз ету, энергия жүйесіндегі теңгерімді сақтау, жүйелік қызмет көрсету және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ҰЭТ-ы арқылы электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ету, ҰЭТ-ке техникалық қызмет көрсету және пайдалануға дайындығын қолдау жөніндегі функцияларын белгілейтін Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы дәрежесі бекітіп берді.

Ұзақ мерзімді
тратегиялық мақсаттар

1-мақсат.

Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, яғни Қазақстан БЭЖ-дің Жүйелік операторы функцияларын сапалы орындау; қолданыстағы активтерді пайдалану бойынша сапалы қызмет көрсету, оларды жөндеу және жаңарту; жаңа электр энергиясын жеткізу желілері мен қосалқы станцияларды салу арқылы Қазақстан Республикасы ҰЭТ-інің өткізу қабілетін арттыру; технологиялық даму және бизнесті цифрландыру.

1-мақсатты іске асыру индикаторлары

ҚНК атауы 2018 / факт 2019 / факт 2020 / жоспар 2020 / факт
WWP, % 98,78 99,64 98,35 98,63
SML, мин. 1,11 0,52 1,00 5,21

2-мақсат.

«KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету салынған капиталдың тиімділігін арттыру және бизнестің жаңа түрлерін дамыту; «KEGOC» АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске асыру арқылы қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

2-мақсатты іске асыру индикаторлары

ҚНК атауы 2018 / факт 2019 / факт 2020 / жоспар 2020 / факт
EBITDA, млрд теңге 81,2 88,5 100,5/87,7* 108,4
Таза кіріс, млрд теңге 40,0 40,7 50,4/28,5* 53,4
ROACE, % 7,16 7,47 10,61/6,57* 9,48
NAV, млрд теңге 416,2 422,2 433,2 441,2

* Көрсеткіштер «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясының 4-қосымшасына сәйкес есептелген (негізгі сыртқы және ретеуші факторлардың әсері).

3-мақсат.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру; корпоративтік басқаруды жетілдіру; адами капиталды дамыту және қоршаған ортаға қамқорлық арқылы корпоративтік басқаруды жетілдіру және тұрақты даму.

3-мақсатты іске асыру индикаторы

ҚНК атауы 2018 / факт 2019 / факт 2020 / жоспар 2020 / факт
LTIFR, коэффициент 0,29 0 3,6 0
Өндірістегі өлімге әкелетін жазатайым жағдайлардың жиілігі, коэффициент 0,25 0 0 0
Корпоративтік басқару рейтингі ВВ - ВВВ ВВ*

* «Самұрық-Қазына» АҚ хатына сәйкес, нәтижесі бойынша «ВВВ» корпоративтік басқару деңгейі жоспарланған Корпоративтік басқару диагностикасы 2021 жылға ауыстырылады. Соған байланысты корпоративтік басқару деңгейі 2018 жылы расталған деңгейде қалдырылды.

© 2021 «Электр желілерін басқару
жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ

Жылдық есепте
берілген ақпаратты қолданған кездеоған
сілтеме жасау міндетті.

Барлық құқығы қорғалған.

Қазақстан Республикасы, Z00T2D0
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғ.,
59-ғимарат

Тел.: +7 (7172) 69 38 24, 69 02 43
Факс +7 (7172) 21 11 08
E-mail kegoc@kegoc.kz
www.kegoc.kz