«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «KEGOC» АҚ Жүйелік оператор бола отырып, нарыққа қатысушылардың барлығының электр энергиясы нарығына еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ұлттық электр торабына қосылу Электр желілік қағидалар мен Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. «KEGOC» АҚ электр энергиясы нарығының барлық субъектілерінің Ұлттық электр торабына қол жеткізуі үшін теңдей жағдайлармен қамтамасыз етеді.
ҰЭТ-қа қол жеткізу тәртібі туралы толығырақ Компанияның ресми сайтындағы «Біз-дің қызмет» бөлімінде танысуға болады.
«KEGOC» АҚ қызметін тұтынушылар заңды тұлғалар: энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар болып табылады.
2020 жылы көтерме сауда нарығының субъектілеріне жүйелік қызметтер жасалған шарттарға және тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес толық көлемде көрсетілді. 2019 жылдан ауысқан және 2020 жылы жасалған қызмет көрсету жөніндегі шарттар мен келісімдердің жалпы саны 861 құрады.
Шарттарды санаттар бойынша бөлу
«KEGOC» АҚ-ның саладағы рөлі, млрд кВт·сағ
«KEGOC» АҚ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу, млрд кВт·сағ
2020 жылы ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтің нақты көлемі 46,16 млрд кВт·сағ-ты құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштерден 2,19 млрд кВт·сағ-қа немесе 5,0%-ға жоғары. Артудың негізгі себебі мыналар:
Техникалық диспетчерлендіру, млрд кВт·сағ
2020 жылы электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілген қызметтің нақты көлемі 98,99 млрд кВт·сағ-ты құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштерден 1,93 млрд кВт·сағ-қа немесе 2,0%-ға жоғары. Бұл Қазақстан Республикасы энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіруінің артуымен байланысты.
Электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемін ұйымдастыру, млрд кВт·сағ
2020 жылы электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызметтердің нақты көлемі 192,86 млрд кВт·сағ-ты құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштерден 4,08 млрд кВт·сағ-қа немесе 2,2%-ға жоғары, бұл Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын тұтынудың өсуімен негізделген.
Төмен көміртекті даму бойынша халықаралық тенденцияларға сүйене отырып, 2013 жылғы мамырда Қазақстан еліміздің «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын қабылдады және ауқымды мақсатты бекітті: 2050 жылға қарай баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің үлесі энергетикалық теңгерімнің жалпы көлемінде 50%-ды құрауы тиіс. Сонымен, «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сай ЖЭК-тің электр энергиясын өндірудегі жалпы көлемінде алатын үлесі 2020 жылға қарай 3%-ды, 2025 жылға қарай 6%-ды, 2030 жылға қарай 10%-ды және 2050 жылы 50%-ды (балама + ЖЭК) құрауы тиіс.
Заңнамаға сәйкес, ЖЭК нарығы мен қуат нарығында табысты жұмыс істейтін еншілес компания – «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС құрылды. ЖЭК саласындағы заңнамалар үнемі жетілдіріліп отырады, «KEGOC» АҚ өзінің тиімділігін дәлелдеген ЖЭК-ті таңдау бойынша аукциондық сауда-саттық жүйесін ұсынды. ЖЭК энергиясы басым диспетчерлендірумен қамтамасыз етіледі, ЖЭК объектілері өндірген барлық электр энергиясы Біртұтас энергетикалық жүйеге 100% жеткізіледі және 100% төленеді.
ЖЭК генерациясын дәлірек болжамдау бойынша зерттеулер жүргізілуде, ЖЭК өндірудің жоспарлы кестесінен ауытқуларды азайту мүмкіндігі бар, бұл энергия жүйесіндегі резервтердің қажетті көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Энергия жүйесінің жұмысын модельдеу PLEXOS және DigSilent бағдарламалық өнімдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады, олар ЖЭК-тің электр жүйесінің жұмысына әсерін бағалайды және желінің бар мүмкіндіктеріне сүйене отырып, ЖЭК-ті оңтайлы орналастыратын жерлер мен ұйғарынды көлемдерін анықтауға мүмкіндік береді.
2021 жылы энергия жинақтау жүйелері бойынша, технологиялар мен олардың құнын шолу бойынша, энергия жүйесінде жинақтау құрылғыларын пайдалану әлеуеті бойынша зерттеулер жүргізілетін болады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда белгіленген жиынтық қуаты 1 685 МВт болатын 116 ЖЭК объектілері жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасының ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруі 2020 жыл қорытындысы бойынша 3,24 млрд кВт·сағ-ты құрады, бұл елдегі жалпы электр энергиясы өндірісінің 3%-ын құрайды. ЖЭК объектілерінің электр энергиясы өндірісінің артуы 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 74%-ды құрайды. Технологиялар бөлігінде ЖЭК объектілерінің саны бойынша ГЭС және КЭС басым болып табылады. Станциялардың ең көбі Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында орналасқан. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша ЖЭК-тің барлық өндірілетін электр энергиясының 96%-ы Қазақстанның төрт облысында – Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында шоғырланған.
ЖЭК-ті пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтан сатып алу-сату ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен және шартты тұтынушылармен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен үлгі нысандар бойынша жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады. «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша жалпы белгіленген қуаты 2 811 МВт болатын 131 шарт жасады, соның ішінде: тіркелген тарифтер бойынша жалпы белгіленген қуаты 1 800 МВт болатын 86 шарт; аукциондық баға бойынша белгіленген қуаты 1 011 МВт болатын 45 шарт жасады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС арқылы электр энергиясын сататын жұмыс істеп тұрған ЖЭК станциялары жалпы белгіленген қуаты 1 570 МВт болатын саны 72-ні құрады.
Қазақстан Республикасы үшін электр энергетикасының маңызы зор, себебі еліміздегі металлургия, мұнай мен газ өндіру сияқты негізгі салалар энергияны өте көп қажет етуімен сипатталады. Сәйкесінше, Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі және халықтың тіршілік ету сапасы көбінесе тұтынушыларды энергиямен сенімді және сапалы жабдықтауға байланысты.
Қазақстан Республикасы үшін электр энергетикасының маңызы зор, себебі еліміздегі металлургия, мұнай мен газ өндіру сияқты негізгі салалар энергияны өте көп қажет етуімен сипатталады. Сәйкесінше, Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі және халықтың тіршілік ету сапасы көбінесе тұтынушыларды энергиямен сенімді және сапалы жабдықтауға байланысты.
2020 жылы Компанияда 48 технологиялық бұзылыс тіркеліп, тексеру жүргізілді, олардың ішінде 1 авария, І дәрежелі 2 істен шығу және ІІ дәрежелі 45 істен шығу. Көрсеткіш 2019 жылға қарай 14%-ға өсті.
Технологиялық бұзылыстарды жіктеу белгілеріне қарай бөлу
2020 жылы электр жеткізу желілерінде 34 технологиялық бұзылыс болды. ӘЖ-дегі технологиялық бұзылыстардың жалпы санының 15-і ӘЖ элементтерінің зақымдануымен орын алды.
Өткен жылы қосалқы станцияларда 14 технологиялық бұзылыс болды.
ҚС-дағы технологиялық бұзылыстардың жалпы санының 6-уы негізгі жабдықтың зақымдануымен болды.
Желінің сенімділік деңгейін бағалау үшін халықаралық тәжірибеде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
SAIDI (System Average Interruption Duration Index – ажыратудың орташа ұзақтығы) – орташа алғанда жүйедегі бір жылда болған бір ажыратуды сипаттайды.
SAIFI (System Average Interruption Frequency Index – бұзылыстардың жүйеде пайда болуының орташа жиілігі) – тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілістерінің орташа жиілігін сипаттайды.
2020 жылы ЖЭС қазандықтары апаттық жағдайда 61 811 сағат ішінде 1 104 рет тоқтады (2019 жылы – 51 223 сағатқа 968 рет), бұл 136 тоқталысқа және 10 588 сағатқа артық.
Турбиналар 2020 жылы 27 191 сағатқа 262 рет тоқтады (2019 жылы – 14 259 сағатта 179 рет), бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 83 тоқталысқа көп және 12 932 сағатқа артық.
2020 жылы энергетикалық блоктар 4 389 сағатқа 80 рет тоқтады (2019 жылы – 5 906 сағатқа 84 рет), бұл 4 тоқталысқа және 1 517 сағатқа аз.
Генерациялайтын жабдықтың авариялық тоқтауы Қазақстан БЭЖ-і жұмысының сенімділігін айтарлықтай төмендетеді, Жүйелік оператор бақылайтын қималарда асқын жүктемелер болуына әкеледі, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде авариялық жағдайлар орын алады.
Компаниядағы желінің сенімділік деңгейін бағалау үшін Даму стратегиясында SML және WWP индикаторлары белгіленген. SML көрсеткішінің мәні 2020 жылы 5,21 минутты, ал WWP көрсеткішінің мәні 98,63%-ды құрады.
Көрсеткіштердің нашарлауына толымсыз босату көлемінің және тұтынушыларды технологиялық бұзылыстар бойынша шектеу уақытының артуы себеп болды: жалпы электр энергиясының толымсыз босатылуы 2019 жылғы 132,10 мың кВт·сағ-қа қарағанда 2020 жылғы 1 368,87 мың кВт·сағ-ты құрады. 2020 жылы толымсыз босатылған электр энергиясының жалпы көлемінің (1 368,87 МВт·сағ) 90%-ы (1 226,85 МВт·сағ) келесі себептерге байланысты туындаған технологиялық бұзылыстарға байланысты:
Осылайша, жоғарыда келтірілген себептерге (Компания оған әсер етпейтін) байланысты орын алған толымсыз босату көлемін алып тастағанда, 2020 жылғы толымсыз босату көлемі 142,02 МВт·сағ, SML – 0,54 мин құрады.
2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы агрегаттардың авариялық тоқтау саны
2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы агрегаттардың авариялық тоқтауының ұзақтығы, сағат
«KEGOC» АҚ қызметі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі, соған сәйкес «KEGOC» АҚ ұсынатын мынадай қызметтері табиғи монополиялар саласына жатады:
«KEGOC» АҚ өзінің құрылған кезінен бастап реттелетін қызметтердің тарифтік саясатын жетілдіру жұмыстарын бірізді жүзеге асыраып келеді, тарифтік саясатты жетілдіру бойынша тиісті ұйымдардың жұмысына белсенді түрде қатысады.
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес «KEGOC» АҚ-да Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне (ТМРК) табиғи монополиялар саласына жататын реттелетін қызметтерге тарифтерді бекітуге (қайта қарауға) өтінім беру жұмысы жүзеге асырылуда.
Компанияның тарифтері «шығындар плюс тіркелген пайда» әдісі бойынша белгіленеді, соған сәйкес Компания белгілі бір уақыт кезеңіне тариф белгілеу мақсатында операциялық және қаржылық шығыстардың тиісті бағасына және капиталдың кірістілігінің әділ нормасына сүйенеді.
2013 жылы «KEGOC» АҚ тарифтердің шекті деңгейлерін бекітуге көшті. Тарифтердің шекті деңгейлерін есептеу қағидаттары тарифтердің шекті деңгейлері қатарынан бірнеше жыл мерзіміне бекітілетінін қоспағанда, жыл сайынғы тарифтердің есебіне ұқсас. Тарифтердің шекті деңгейлері Компанияға өзінің мүмкіндіктерін ұзақ кезеңге жоспарлауға мүмкіндік береді, ал акционерлердің Компания туралы өте толық ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
«KEGOC» АҚ қолданыстағы рәсімдерге сәйкес ТМРК-ға «KEGOC» АҚ-ның ұзақ мерзімді кезеңге арналған реттелетін қызметтері тарифтерінің шекті деңгейін және тарифтік сметаларын бекіту туралы өтініммен жүгінген болатын. Қарау қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ реттелетін қызмет тарифтері мен тарифтік сметаларының шекті деңгейлері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі бес жылдық кезеңге бекітілді.
теңге/кВт·сағ | 2016 | 2017 | 2018* | 2019** | 2020 |
---|---|---|---|---|---|
Электр энергиясын жеткізу | 2,080 | 2,246 | 2,496 | 2,496 | 2,797 |
Электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру | 0,231 | 0,234 | 0,237 | 0,237 | 0,306 |
Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру | 0,084 | 0,086 | 0,088 | 0,088 | 0,098 |
* «КЕGOC» АҚ ТМРК-мен келісім бойынша 2018 жылғы 1 тамыздан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге электр энергиясын желіге босатуды техниалық диспетчерлендіру қызметтері тарифтерінің шекті деңгейлерін 5%-ға (0,2482-ден 0,237 теңге/кВт·сағ дейін) және электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша 3,4%-ға (0,091-ден 0,088 теңге/кВт·сағ дейін) төмендетті.
** «КЕGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен электр энергиясы құнын төмендету туралы шешімін, сонымен қатар көрсетілетін реттелетін қызметтер көлемінің артуын есепке ала келе, ТМРК-мен келісім бойынша тұтынушылар үшін тарифтердің бекітілген шекті деңгейлерін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы деңгейлерге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
«KEGOC» АҚ 2020 жылы реттеліп көрсетілетін қызметтері тарифтерінің шекті деңгейлерінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, табиғи монополиялар субъектілері қызметін реттейтін заңнамалық актілердің талаптарына сәйкес, 2020 жылғы шілдеде КРЕМ-ге қарастырылып жатқан келесі бес жылдық кезеңге (2021-2025жж.) «KEGOC» АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінім жіберді.
Компания мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту, тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалардың алдында қызметінің әділдігін қамтамасыз ету болып табылатын реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну бойынша қызмет туралы жария тыңдалымдар жүргізеді. Жыл сайынғы есептік тыңдалымдарды өткізудің негізгі қағидаттары Компания қызметінің жариялығы, ашықтығы және тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау болып табылады.
млн теңге | 2020 / жоспар | 2020 / факт | ауытқ. | Ауытқулардың негізгі себептері |
---|---|---|---|---|
Шоғырландырылған кірістер | 348 730,6 | 375 574,5 | +7,7% | |
негізгі қызметтен болған кірістер | 341 566,3 | 350 659,5 | +2,7% | Артуы негізінен уәкілетті органның өтемдік тарифті енгізу мерзімін өзгертуі себепті электр энергиясын беруден түскен кірістердің, нақты көлемдердің артуы себепті жаңартылатын энергия көздері өндірген сатымдық электр энергиясын сатудан түсетін кірістердің, нақты көлемдердің артуы себепті электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуден түсетін кірістердің өсуіне байланысты. |
Шоғырландырылған шығыстар | 313 751,1 | 309 826,2 | -1,3% | |
өзіндік құн | 280 571,1 | 267 056,9 | -4,8% | Төмендеу, негізінен, электр энергиясын аты палу көлемі мен бағасының төмендеуі себепті электр энергиясының технологиялық шығынын (шығындарды) өтеу шығындары бойынша, теңгерімсіздіктерді өтеу мақсатында Ресей Федерациясының энергетикалық жүйесінен электр энергиясын аты палу шығындары бойынша, электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді аты палу шығындары бойынша («ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС шығыстары), Орталық Азияға жоспардан тыс электр энергиясы ағындарының болмауы нәтижесінде келісім-шартсыз іріктеуді өтеу үшін электр энергиясын аты палу шығындары бойынша, қуатты реттеу шарттарының болмауы себепті тараптық ұйымдар көрсеткен қуатты реттеу шығыстары бойынша және басқа да ағымдағы шығыстар бойынша орын алды. |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | 10 180,6 | 8 309,7 | -8,6% | Төмендеу, негізінен, ақпараттық жүйелерді техникалық қолдау шығындары бойынша, консультациялық және кәсіби қызметтер бойынша және басқа да әкімшілік шығыстар бойынша орын алды. |
Сату шығыстары | 381,9 | 364,1 | -4,7 | Төмендеу, негізінен, шығындарды оңтайландыру нәтижесінде болды. |
Операциялық пайда | 50 432,6 | 74 909,6 | +48,3 | |
Қаржы-экономикалық көрсеткіштер динамикасы, млрд теңге
Негізгі индикаторлар
Көрсеткіш | 2018 / факт | 2019 / факт | 2020 / факт |
---|---|---|---|
1-деңгейлі стратегиялық ҚНК | |||
ROACE, % | 7,16 | 7,47 | 9,48 |
EBITDA, млн теңге | 81 222 | 88 513 | 108 437 |
Кредиттік келісімдермен белгіленген ковенанттар | |||
Ағымдағы өтімділік коэффициенті кем дегенде 1 | 1,25 | 2,19 | 1,69 |
«Самұрық-Қазына» АҚ белгілеген ковенанттар | |||
Борыш/EBITDA, 3,50-ден көп емес | 2,00 | 1,70 | 1,49 |
Борыш/Капитал, 1,00-ден көп емес | 0,34 | 0,31 | 0,32 |
2020 жыл ішінде қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері мен ковенанттар бойынша стандарттар бұзылған жоқ.
«KEGOC» АҚ қызметінің экономикалық құрауышының Компанияның өзі үшін де, мемлекет экономикасы үшін де маңызды стратегиялық мәні бар, «KEGOC» АҚ акционерлері мен инвесторлары үшін ұзақ мерзімді құнының өсуіне бағытталған.
Бизнес-жоспар мен бюджетті қалыптастыру және бекіту рәсімдері (соның ішінде Компания объектілерін салу, қайта құру және жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға күрделі қаржы салымдары жоспары) «KEGOC» АҚ Бизнес-жоспарын (Даму жоспарын) және бюджеттерін әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, орындау және орындалуын мониторингтеу қағидаларымен регламенттеледі. Бизнес-жоспар шоғырландырылған түрде, яғни еншілес ұйымдардың жоспарларын қоса алғанда, 5 жылдық кезеңге өзгермелі негізде әзірленеді. Бизнес-жоспарды іске асыру үшін жылдық бюджет бекітіледі. Бизнес-жоспардың орындалу мониторингін «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырады.
Экономикалық құнды бөлу
млн теңге | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
Жалпы капиталдандыру | 634 752,89 | 632 163,54 | 663 590,50 |
меншік капиталы | 472 693,80 | 481 838,02 | 502 556,47 |
қарыз капиталы | 162 059,09 | 150 325,52 | 161 034,03 |
Мемлекеттен алынған қаражат | 0 | 0 | 0 |
Құрылған экономикалық құн | 185 017,94 | 269 329,57 | 359 075,67 |
днегізгі қызметтен түскен кірістер | 175 797,39 | 263 162,07 | 350 659,55 |
қаржылық кірістер | 4 951,34 | 4 171,53 | 7 146,01 |
басқа да кірістер | 4 269,22 | 1 995,96 | 1 270,11 |
Бөлінген экономикалық құн: | 176 346,50 | 260 222,43 | 338 357,22 |
еңбекақы төлеу шығыстары | 21 048,03 | 22 699,12 | 23 977,19 |
салықтар және мемлекеттік бюджетке алымдар бойынша шығыстар | 18 553,89 | 19 110,84 | 21 591,03 |
капитал жеткізушілеріне төлемдер | 35 233,94 | 40 842,53 | 43 952,81 |
қайырымдылық және демеушілік көмек | 0 | 0 | 0 |
басқа да операциялық шығындар | 92 442,60 | 177 185,20 | 242 445,47 |
басқа да операциялық емес шығындар | 9 068,04 | 384,74 | 6 390,73 |
Бөлінетін экономикалық құн | 8 671,44 | 9 107,14 | 20 718,45 |
Көрсеткіш, млн теңге | 2018 | 2019 | 2020 | 2020/2019, % |
---|---|---|---|---|
Айналымнан тыс активтер | 698 081,7 | 659 175,9 | 695 192,5 | 5,5 |
Айналым активтері | 57 769,0 | 97 111,0 | 116 820,1 | 20,3 |
Барлығы активтер | 755 850,7 | 756 987,7 | 812 012,6 | 7,3 |
Капитал | 472 693,8 | 481 838,0 | 502 556,5 | 4,3 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 236 958,6 | 230 808,2 | 239 766,9 | 3,9 |
Қысқа мерзімді міндеттемелер | 46 198,3 | 44 341,5 | 69 689,2 | 57,2 |
Барлығы капитал мен міндеттемелер | 755 850,7 | 756 987,7 | 812 012,6 | 7,3 |
Компанияның активтері 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша 812,01 млрд теңгені құрады және 2019 жылға қарай 7,3%-ға өсті. Теңгерім құрылымының 86%-ы ұзақ мерзімді активтерге тиесілі, олар көбінесе негізгі құралдармен берілген. Жыл қорытындысы бойынша ұзақ мерзімді активтер 5,5%-ға (немесе 36,0 млрд теңгеге) артты және 695,2 млрд теңгені құрады. Ұзақ мерзімді активтердің өсуі негізінен ұзақ мерзімді қаржылық активтерді сатып алумен негізделді.
Теңгерімнің 14%-ын қысқа мерзімді активтер құрайды. 2020 жылы 20,3%-ға (немесе 19,0 млрд теңгеге) өсті және олар жылдың соңына қарай 116,8 млрд теңгені құрады. Өсуі сауда-саттық дебиторлық берешектің және қысқа мерзімді қаржы құралдарының өсуімен байланысты.
Капитал 2020 жылдың соңында 502,6 млрд теңгені құрады – 2019 жылға қарай 4,3%-ға немесе 20,7 млрд теңгеге өсті. Өсуі бөлінбеген пайданың артуына байланысты. Теңгерім құрылымындағы капитал үлесі 62%-ды құрады.
Жыл қорытындылары бойынша міндеттемелер 309,46 млрд теңгені құрады және 2019 жылға қарай 12,5%-ға немесе 34,3 млрд теңгеге артты. Міндеттемелердің 77%-ы ұзақ мерзімді, 23%-ы қысқа мерзімді болып табылады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 21%-ы қарыздармен және 39%-ы орналастырылған облигациялармен және 37%-ы кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелермен берілген. Қысқа мерзімді міндеттемелер 59%-ға сауда-саттық және басқа да кредиттік берешекпен берілген.
© 2021 «Электр желілерін басқару
жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ
Жылдық есепте
берілген ақпаратты қолданған кездеоған
сілтеме жасау міндетті.
Барлық құқығы қорғалған.
Қазақстан Республикасы, Z00T2D0
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғ.,
59-ғимарат
Тел.: +7 (7172) 69 38 24, 69 02 43
Факс +7 (7172) 21 11 08
E-mail kegoc@kegoc.kz
www.kegoc.kz