Қоршаған
ортаны қорғау

Компанияда «KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде жұмыс істейтін экологиялық менеджмент жүйесі ендіріліп, ISO 14001 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестігіне сертификатталды. Компанияның өндірістік және шаруашылық қызметінің экологиялық аспектілеріне әсерін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа басқару тәсілдерін қолдану оны ендіру мен жұмыс істеуінің негізгі мақсаты болып табылады. Экологиялық аспектілерді басқару «KEGOC» АҚ-да тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесінің элементі болып табылады.

Тиімді басқару үшін 2020 жылға «KEGOC» АҚ экологиялық аспектілер тізілімдері әзірленді. Аспектілерді анықтаған кезде Компания қызметінің барлық экологиялық әсерінің компоненттері (энергия үнемдеу, су, топырақ, шығарындылар, қалдықтар) талданады. Экологиялық аспектілерді басқару жөніндегі іс-шаралар Компанияның 2020 жылға арналған экологиялық бағдарламасымен белгіленген. 2020 жылғы маңызды экологиялық аспектілер ретінде «құрамында ПХД бар ықтимал полихлорландырылған дифенилдер», «трансформатор майы» және «пайдаланылған трансформатор майы» анықталды. «Құрамында ПХД болуы мүмкін қалдықтар» аспектісінің маңыздылығы бұл полихлорландырылған дифенил Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сай зиянды зат (қауіпсіздіктің қызыл деңгейі) болуымен негізделген. «Пайдаланылған трансформатор майы» және «трансформатор майы» аспектілерінің маңыздылығы май толтырылған жабдықтың болуына байланысты.

2020 жылы «KEGOC» АҚ-ға қатысты қаржылық және қаржылық емес санкциялар, сонымен қатар экологиялық заңнама мен нормативтік талаптардың орындалмағаны үшін салынған айыппұлдар болған жоқ.

Компанияға қоршаған ортаға әсерге байланысты шағымдар келіп түскен жоқ.

Атмосфералық
ауаны қорғау

2020 жылы стационарлық көздерден ластайтын заттардың жаппай шығарындылары көлемі 9,34 т (белгіленген норматив – 11,63 т) құрады.

«Климаттың өзгеруі туралы» БҰҰ Негіздемелік конвенциясының, Киот хаттамасының, Париж келісімінің және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес, 2019 жылы ЖЭТ филиалдарында Компанияның қызметі шеңберінде қоршаған ортаға шығарылған парниктік газдарға түгендеу жүргізілді. Стационарлық көздерден, стационарлық көздерге теңдестірілген мобилдік көздерден болған шығарындылар есебі жасалды. Аймақтық экология департаменттеріне 2019 жылғы парниктік газдарды түгендеу туралы есептер жіберілді және тіркелді.

Стационарлық көздерден шығарылған парниктік газдарды түгендеу нәтижелері бойынша шығарындылар жылына көміртектің қос тотығы баламасында 154,47 тоннаны құрайды, осыған байланысты «KEGOC» АҚ Парниктік газдардың шығарындыларына квота бөлу жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарға сай парниктік газдарды квоталау бойынша талаптарға ілінбейді.

2020 жылы «KEGOC» АҚ стационарлық көздерінен болған парниктік газдар шығарындылары көлемі

СО2, тонна СН4, көміртек қос тотығы тоннабаламасында N2O, көміртек қостотығы тонна баламасында Шығарындылардың жалпы көлемі көміртек қостотығы тонна баламасында
154,4 0,0022 0,06542 154,47

«KEGOC» АҚ-да барлық қалдықтар мыналарға байланысты бөлінген:

  1. түріне қарай: тіршілік процесінде пайда болатын өндірістік және коммуналдық (қатты тұрмыстық қалдықтар);
  2. ауіптілік деңгейіне байланысты (Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сай):
  • «жасыл» – G индексі (қауіпсіз);
  • «янтарь түсті» – А индексі (қауіпті);
  • «қызыл» – R индексі (қауіпті).

«KEGOC» АҚ бөлімшелеріндегі қалдықтар көлемі

Көрсеткіш, тонна 2020 ж.
«жасыл» индекс G 5 042,86
«янтарь түстес» индекс А 74,25
«қызыл» индекс R
Барлығы 5 117,11

Су объектілеріне әсер

Су Компанияның технологиялық процесінде пайдаланылмайды. «KEGOC» АҚ-да суды қолдану деңгейі шамалы, пайдаланылатын су көздеріне айтарлықтай әсер етпейді. Суды тұтыну және су бұру ЖЭТ филиалдарының мамандандырылған ұйымдармен жасаған шарттарына сәйкес жүргізіледі. Су объектілеріне және топыраққа лақтырындылар жүзеге асырылмайды. «KEGOC» АҚ-ның 7 филиалының объектілерінде артезиандық сумен жабдықтау бар, ұңғымалар алынған рұқсаттарға сай пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ұңғымалардың тоғандарындағы жер асты суларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Инвестициялық жобаларды
іске асыру барысындағы
табиғатты қорғау
іс-шаралары

Компания жобаларды, соның ішінде инвестициялық жобаларды іске асырған кезде қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне кешенді түрде қарайды. Жобаларды іске асыру тәуекелдерін талдау үшін әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді талдауды қоса алғанда, PESTEL талдауы пайдаланылады. Жүргізілген қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері есепке алынып, қоршаған орта мен адам денсаулығына зияны неғұрлым аз нұсқа қабылданады. Жобалардың тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде және тұрақты негізде жүзеге асырылады. Атмосфералық ауаға, жерүсті және жерасты суларына, ландшафтарға, жер ресурстары мен топырақ жамылғысына, биоалуантүрлілік және басқаларға әсері бағаланады.

Электр желілік объектілерді жобалау кезеңінде экологиялық тәуекелдерді басқару үшін оларды елді мекендерден және күзетілетін табиғи аумақтардан шалғай аумақтарда орналастырады. ӘЖ трассалары негізінен дала және шөлейт жерлер арқылы өтеді, ӘЖ орманды дала аймағында өткен жағдайда ӘЖ үшін орман жолдарын тазарту қызметін жүзеге асырған кезде азайту іс-шараларын қамтитын Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау (ҚОӘБ) жобасы әзірленеді. Компанияның қызметі туралы экологиялық ақпараттың ашықтығы және қол жетімділігі мақсатында ҚОӘБ жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Энергия тиімділігі

2020 жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну 2019 жылмен салыстырғанда 360 105 ГДж-ға төмендеді.

Электр желілері арқылы электр энергиясын жеткізуге арналған электр энергиясының технологиялық шығынын азайту іс-шаралары энергия тұтынуды азайту тұрғысынан ең көбірек тиімділік береді.

Қазақстанның электр энергетикалық жүйесі негізінен Солтүстік аймақта қуатты энергия көздерінің шоғырлануымен және ұзыннан ұзақ транзиттік электр желілерінің (Қазақстанның Солтүстігі – Оңтүстігі, Павлодар облысы – Ақтөбе облысы транзиттерінің негізгі бағыттары) (шамамен 1000 км) болуымен сипатталады – бұл ел аумағының үлкен болуына байланысты және электр энергиясының технологиялық шығысы (техникалық ысыраптар) деңгейіне айтарлықтай әсер етеді. «KEGOC» АҚ желісіндегі техникалық ысыраптар көрші мемлекеттердің энергетикалық жүйелерінің жұмыс режимдеріне (транзит, электр энергиясының экспорты мен импорты) және климаттық жағдайларға байланысты.

«KEGOC» АҚ 2020 жылғы техникалық ысыраптары құрылымы

«KEGOC» АҚ 2020 жылғы техникалық ысыраптары құрылымы

2020 жылы «KEGOC» АҚ техникалық ысыраптары есепке алу аспаптарының деректері негізінде электр энергиясын желіге босатудан 2,792 млрд кВт·сағ немесе 6,0%-ды құрады.

Сонымен қатар электр энергиясының технологиялық ысыраптары дегеніміз бұл электр желілері арқылы электр энергиясын жеткізген кезде орын алған, сымдар мен электр жабдықтарындағы физикалық процестермен негізделген электр энергиясының ысырабы болып табылады және сәйкесінше, электр желілеріндегі электр энергиясының ысырабын азайту бойынша іс-шараларды жоспарлау мен өткізудің негізгі мақсаты электр энергиясының техникалық ысыраптарының нақты мәндерін олардың оңтайлы деңгейлеріне дейін жеткізу болып табылады.

Электр энергиясы ысырабын азайту бойынша іс-шараларды орындау нәтижесінде 2020 жылы электр энергиясы шығынының азаюы 4,261 млн кВт·сағ құрады.

Іс-шара Іс-шаралардан болатын нәтиже
млн кВт·сағ ГДж
Аз жүктемелер режимінде желілердің ажыратылуы 0,254 916
Аз жүктемелер режимінде күштік трансформаторлардың ажыратылуы 4,006 14 422
Барлығы «KEGOC» АҚ бойынша 4,261 15 339

© 2021 «Электр желілерін басқару
жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ

Жылдық есепте
берілген ақпаратты қолданған кездеоған
сілтеме жасау міндетті.

Барлық құқығы қорғалған.

Қазақстан Республикасы, Z00T2D0
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғ.,
59-ғимарат

Тел.: +7 (7172) 69 38 24, 69 02 43
Факс +7 (7172) 21 11 08
E-mail kegoc@kegoc.kz
www.kegoc.kz