Алмасадам Сәтқалиев
«KEGOC» АҚ Директорлар
кеңесінің төрағасы
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық таза пайданы дивиденд түрінде төлеу қажеттілігі туралы ұлттық компанияларға берілген тапсырмасы орындалды.
Директорлар кеңесі есептік жылы барлық мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, өте сапалы басқарушылық шешімдер қабылдағанын көрсетті. 2020 жылы Директорлар кеңесі жаңартылған Портфель мен Бизнесті трансформациялау бағдарламасының Жол картасын бекітті. 2020 жылы Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жобаларын іске асырудан түскен пайда 2,3 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қағидасының жаңартылған редакциясы бекітіліп, Компанияның 2020-2024 жылдарға арналған Бизнес-жоспарына өзгерістер енгізілді.
«KEGOC» АҚ 2020 жылы бизнес-процестерді өте сапалы деңгейде басқарғанын, БЭЖ-дің жүйелік операторы функцияларын тиімді атқарғанын, сондай-ақ қаржылық сенімділігін көрсете отырып, «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясында Директорлар кеңесі айқындаған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді ойдағыдай іске асыруды жалғастырды.
Компания өзін корпоративтік басқарудың үздік стандарттарын ұстанушы ретінде танытып, ашықтық қағидаттарын сақтайтынын көрсетті: Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарының іс-шаралары сәтті жүзеге асырылды.
«KEGOC» АҚ ірі жұмыс беруші ретінде өз жұмыскерлерін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етеді, соған сай қызметкерлер карантин жағдайында өз міндеттерін ойдағыдай атқара отырып, өте жоғары деңгейде жұмыс істеді және жақсы өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізді. Соның нәтижесінде 2020 жыл 53,5 млрд теңгеден астам мөлшерде таза кіріспен аяқталды.
Жалпы алғанда осының барлығы «KEGOC» АҚ-ға жоғары беделін сақтауға, өндірістік және қаржылық қызметтің барлық спектрі бойынша сала көшбасшысы болуына, әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Бұған халықаралық рейтингтік агенттіктердің жасаған тұжырымдары да дәлел. Мысалы, Fitch Ratings агенттігі 2020 жылы «KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді рейтингін тұрақты болжаммен «BBB-» деңгейінде растады.
Компания 2021 жылға нық сеніммен қадам басып отыр және алдыға қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ниетті. Жақсы ойластырылған стратегия, қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен қатысуы «KEGOC» АҚ-ның 2021 жылы бұдан әрі дами түсуіне негіз болып табылады.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің атынан барлық серіктестерімізге арамыздағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін, ұжымға өте тиімді қызмет еткені үшін, сонымен қатар барлық стейкхолдерлерге көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдіргім келеді.
Бақытжан Қажиев
«KEGOC» АҚ Басқарма
төрағасы
2020 жыл «KEGOC» АҚ үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем халқы мен еліміз үшін де өте қиын болғанына қарамастан, Компания «KEGOC» АҚ Даму стратегиясына сай акционерлер мен Директорлар кеңесі жүктеген барлық міндеттерді орындауға тырысып, жыл соңында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ұжым коронавирустық инфекция қаупі артып келе жатқан жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болды. Короновирустық инфекцияның қызметкерлер арасында таралуын болдырмау мақсатында ұжымның басым көпшілігі қашықтағы жұмыс түріне ауыстырылды. Бұл ретте барлық қызметкерлердің жалақылары деңгейі, сыйақы төлемдері, сонымен қатар Ұжымдық шартта көзделген материалдық қолдаудың барлық түрлері сақталды.
Сондай-ақ, есептік кезеңде «KEGOC» АҚ мен қызметкерлердің өкілдері арасында 2021-2025 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарт жасалды, ол Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен нормативтік актілеріне енгізілген жаңа түзетулерге, сонымен бірге Энергетика саласындағы салалық келісімге сәйкес келтірілді.
Біздің персоналымыз карантин уақытында тәртіп сақтап, өзін оқшаулау қажеттілігін түсіністікпен қабылдағанын, тіпті осындай күрделі жағдайда «KEGOC» АҚ еліміздің тұрмыс-тіршілігіне жауапты ұйым ретінде өндірістік кәсіпорындар мен халықты электр энергиясымен қамтамасыз ететін ұйымдарға электр энергиясын үздіксіз жеткізіп отыруы үшін БЭЖ-дің сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, барлық жағдай жасағанын ерекше айта кету қажет. Персонал жөндеу науқанын кестеге сәйкес өткізіп, «KEGOC» АҚ 2020-2021 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындық паспортын уақытында алды.
Сонымен қатар, Компания Қазақстанның энергия жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, қатарлас жұмыс режимдерін басқару бойынша көршілес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимылды ойдағыдай жүзеге асырып отырды, бұл Компанияның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
Нәтижесінде 2020 жыл қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ мынадай көлемде қызмет көрсетті: электр энергиясын беру бойынша – 46,2 млрд кВт·сағ немесе 2019 жылғы көрсеткіштен 5%-ға артық; техникалық диспетчерлендіру бойынша – 99 млрд кВт·сағ (102%). 2020 жылы электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көлемі 192,9 млрд кВт·сағ-ты, 2019 жылмен салыстырғанда өсім 2,2%-ды құрады.
Жыл қорытындысы бойынша таза кіріс 53,5 млрд астам теңгені құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 31,2%-ға жоғары.
Компания акцияларының құны «KEGOC» АҚ қаржылық жағдайының тұрақты екенін айқын дәлелдеп отыр. 2020 жылы «KEGOC» АҚ бір акциясының нарықтық бағасы ең жоғары тарихи деңгейге жетіп, 1 756 теңгені құрады, бұл алғашқы орналастырылған бағасынан (505 теңге) шамамен 3,5 есеге жоғары. Компания үшін акционерлердің құқықтары мен мүдделерін сақтау және жүзеге асыру негізгі шарт болып қала бермек. Осылайша, 2020 жыл ішінде акционерлерге 32,7 млрд теңгеден астам жалпы сомасында екі рет дивиденд төленді.
Есептік жылда Қазақстанның Ұлттық электр торабы жұмысының сенімділігін арттыруға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру қызметтің маңызды бағыты болды. Солардың қатарында «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарындағы 220-500 кВ-тық ӘЖ-лерді қайта құру жобалары және «Қазақстан БЭЖ-дің Батыс аймағының электр желісін нығайту» жобасы бар.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ ақылды желілерді (SmartGrid) қалыптастыруға кірісті, сонымен бірге «Самұрық-Қазына» АҚ-ның орталық командасымен бірлесе Бизнесті трансформациялау бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыруды жалғастыруда.
COVID-19 пандемиясы жағдайында отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша өткір мәселе көтерілді. «KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ұзақ мерзімді серіктестері отандық тауар өндірушілері болып табылатын портфельдік компаниялары қатарында екенін қуанышпен атап өткім келеді. Компания Мүгедектер қоғамымен де бірлесе ойдағыдай жұмыс істейді, олардан дәстүрлі түрде өндірістік персоналға арналған қазіргі заманғы талаптарға сай арнайы киім сатып алады.
2020 жылы Компания қызметкерлері пандемияға қарамастан, ұжым ішіндегі әлеуметтік-еңбек қатынастары деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Нәтижесінде, 2020 жылы «KEGOC» АҚ өндірістік персоналы арасындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейін зерттеу қорытындылары бойынша SRS (Samruk Research Services) индексі 91%-ды, әкімшілік-басқарушылық персоналды тарту индексі 90%-ды құрады.
2021 жылы біз ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастырып, ӘЖ-дегі және ҚС жабдықтарындағы жөндеу-пайдалану жұмыстарының барлық жоспарланған көлемін мерзімінде және сапалы орындауға, 2021-2022 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын уақытында алуға ниеттіміз. Жұмысымыздың маңызды бағыты бұл біздің Компания қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған оңтайландыру жобаларын (REVEX) іске асыру болып табылады. Сонымен қатар, 2021 жылы біз Процестік көрсеткіштерді басқару жүйесін ендіретін боламыз.
«KEGOC» АҚ 2021 жылы өзінің әкімшілік және өндірістік персоналының мол тәжірибесіне, Компанияның қаржылық тұрақтылығына және озық тәжірибелерді қолдануға сүйене отырып, алдына қойылған барлық мақсаттарын жүзеге асыратынына сенімдімін.
Нұрмағанбетов Жандос Демесінұлы Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды.
Қуанышбаев Жәнібек Болатбекұлы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның бас директоры лауазымына тағайындалды.
Fitch Ratings агенттігі «KEGOC» АҚ эмитентінің шетел валютасындағы дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжам – тұрақты.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтті, онда Бекенов Жанбота Темірғалиұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор болып тағайындалды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай «KEGOC» АҚ қызметкерлері 75 түп ағаш отырғызды.
«Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (KASE) сауда алаңында «KEGOC» АҚ жылдық кірістілігі 12% болатын 9,03 млрд теңге сомасына номиналды құны бойынша 9,7 млрд теңге жалпы көлемінде облигациясы сәтті орналастырылды. Бағалы қағаздар эмитенттің екінші облигациялық бағдарламасы облигацияларының бірінші шығарылымы аясында 80 млрд теңге жалпы көлемінде орналастырылды. Айналым мерзімі – 15 жыл. Сауда-саттық нәтижесінде тартылған көлемі бойынша облигациялардың 89,6%-ын екінші деңгейлі банктер, 9,9%-ын басқа институционалдық инвесторлар, 0,5%-ын басқа заңды тұлғалар сатып алды.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев «KEGOC» АҚ-да болып, электр энергетикасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілді, онда жылдық қаржылық есептілік, таза кірісті бөлу тәртібі бекітілді, 2019 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері бекітілді.
«KEGOC» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ бірінші шығарылым облигациялары бойынша төртінші купондық кезеңге сыйақы төледі (НИН KZP01Y15F281, ISIN KZ2C00003572, KASE негізгі алаңы, «облигациялар» санаты, KEGCb1). Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 3 752 500 000,00 (үш миллиард жеті жүз елу екі миллион бес жүз мың) теңге 00 тиын, купондық кіріс – жылдық 7,9% (жеті бүтін оннан тоғыз) пайызды құрады.
«KEGOC» АҚ 2019 жыл қорытындысы бойынша дивиденд төледі. Дивидендтердің жалпы сомасы 12,7 млрд теңгені немесе бір жай акцияға есептегенде 48,86 теңгені құрады.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру форматында өтті, онда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Януш Биалектің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Нұрлан Заманбекұлы Аханзариповты тәуелсіз директор етіп тағайындау туралы шешімдер қабылданды.
«KEGOC» АҚ «KEGOC» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасы аясында екінші шығарылым облигациялары бойынша үшінші купондық кезеңге сыйақы төледі (НИН KZP02Y15F289, ISIN KZ2C00003978, KASE негізгі алаңы, «облигациялар» санаты, KEGCb2). Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 4,1 млрд теңгені, купондық кіріс жылдық 11,5%-ды құрады.
«KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалының қызметкерлері А.Запольскийге, А.Иванов пен Е.Тастанбековке «Ж-2034 немесе Ж-2044 ажыратылған кезде ОГ-2 командасын құру» атты рационализаторлық ұсынысы үшін 5 млн теңге мөлшерінде авторлық сыйақы төледі. Бұл рационализаторлық ұсыныс ендірілген жағдайда «KEGOC» АҚ-ға 51 млн теңгеден астам мөлшерде экономикалық пайда алуға мүмкіндік береді.
«KEGOC» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен (KASE) бірлесіп, бейнеконференция форматында «Эмитент күнін» өткізді.
Осы іс-шара шеңберінде Компанияның 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары айтылды.
«KEGOC» АҚ қызметкерлері Халықаралық қарттар күніне арналған қайырымдылық акциясына қатысты.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ-ға 2020-2021 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы паспорт берді.
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілді, онда «KEGOC» АҚ жартыжылдық қаржылық есептілігі, таза кірісті бөлу тәртібі бекітілді, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды және 2020 жылғы бірінші жартыжылдыққа «KEGOC» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері бекітілді.
«KEGOC» АҚ 2020 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ жай акцияларына дивиденд төледі. Дивиденд төлеуге бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 20 млрд теңгені немесе бір жай акцияға есептегенде 77,09 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан қаласында «KEGOC» АҚ-ның төрағалығымен өңірлік электр энергетикасы саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі – Орталық Азияның Үйлестіру Электр энергетикалық Кеңесінің отырысы өтті.
«KEGOC» АҚ 2020 жылғы 9 желтоқсанда «KEGOC» АҚ-ның екінші облигациялық бағдарламасы шегінде (ISIN KZ2С00006658, KASE негізгі алаңы, «облигациялар» санаты, KEGCb3) бірінші шығарылым облигациялары бойынша бірінші купондық кезең үшін сыйақы төлеу туралы хабарлады. Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 533 500 000,00 (бес жүз отыз үш миллион бес жүз мың) теңге 00 тиынды, купондық кіріс жылдық 11,0%-ды (он бір) құрады.
Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «KEGOC» АҚ Аппарат басшысы-Адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директор Ж. Бексары және «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалының директоры Ж.Алшынбеков «Құрмет» орденімен наградталды, «Ерен еңбегі үшін» медальдері «KEGOС» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының директоры С.Рыскелді мен Пайдалану департаментінің директоры Б.Арыстановқа табыс етілді.
«Энергетиктер күні» кәсіби мерекесіне және «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының ақпарат күніне орай «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері мен Қордың портфельдік компаниялары әріптестерінің қатысуымен «IDEAS TO GROW – ДАМЫТУ ИДЕЯЛАРЫ!» тақырыбында онлайн форматта іс-шара өткізілді.
«KEGOC» АҚ мен қызметкерлердің өкілдері арасында 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды.
© 2021 «Электр желілерін басқару
жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ
Жылдық есепте
берілген ақпаратты қолданған кездеоған
сілтеме жасау міндетті.
Барлық құқығы қорғалған.
Қазақстан Республикасы, Z00T2D0
Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғ.,
59-ғимарат
Тел.: +7 (7172) 69 38 24, 69 02 43
Факс +7 (7172) 21 11 08
E-mail kegoc@kegoc.kz
www.kegoc.kz